Халқымыздың тарихында ханыңнан да тайсалмай «бас кеспек болсада, тіл кеспек жоқ», деп шындықты бетке айтқан суырып салма ақын, от ауызды, орақ тілді, халқының қамын, елінің егемен-дігін ойлап, отаршылдыққа қарсы болған зар заман деп жырлап, ақындығымен елді аузына қаратқан, әділ де шешен, алғыр да көсем атанған ойшыл –ағартушы Нарманбет Орманбетұлы.
Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі Нарманбет Орманбетұлы. Ол 1859 жылы сол кездегі Қарқаралы уезінде, кәзіргі территориялық бөлініс бойынша Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында, қазіргі өз атымен атлатын Нарманбет ауылында, Саға деген жерде туып өскен. Туған жері аталып жүрген Сағаны 10 жасар Нарманбет өз шешендігі мен алғырлығының арқасында ата мекенге айналдырған. Руы Тобықты оның ішінде Дадан, Қалдау, Балтабай болып таралады.Орманбеттен туған Қалиман, Нарманбет, Тілеуберлі, Алдаберлі, Құдайберлі, Сақып, Тауық, Разиға, Қаппар, Аппар, Бөдене, Қасым және Мұса. Он үш баладан төрт баласы жастай қайтыс болған. Нарманбет ұлдан үлкені болғандықтан ең жақсы көретін баласы болыпты. Бірде өз тұсында Жиренше шешен атанған Бертісұлы Шалқар сыншыға Орманбет балаларын сынатқанда; «Буыны жоқ былқылдақ, сүйегі жоқ сылқылдақ деген адам осы болайын деп тұр. Кісі өлтірмейді, кісіден жеңілмейді,»деп баға беріпті.Орманбет үлкен ұлы Нарманбетке ерекше көңіл бөліп, болашағынан үміт күтеді. Жалғыз-ақ кісі үйіне бармайтын салмақты, сабырлы бала болып өсіпті. «Кісі үйіне барып есік жақта отырғанша, өз үйімнің төр алдында отырғаным жақсы емес пе!» - деп айтыпты он жасқа толмаған Нарманбет.
Нарманбет жайлы электронды жазбалар:
1. Айлапат журналындағы мақала http://www.calameo.com/read/0025301698008690d5da5
2.Айлапат журналы Нарманбет туралы http://www.calameo.com/read/002530169060be66ff501
3.Нарманбет Орманбетұлы шығармалары онлайн кітабы http://www.calameo.com/read/0025301699adf30fc2f9a
4. Нарманбет жайлы виртуалды көрме http://www.calameo.com/read/002530169621a6440b4f2
5. Нарманбет жайлы қысқаша ақпарат http://www.calameo.com/read/002530169898412e98e69
Comments