top of page
Поиск
Фото автораАқтоғай ауданы ОКЖ

ТОРҒАЙ АҚПАНБАЕВА

Ақтоғай аудандағы № 14 кәсіптік мектептің информатика пәнінің мұғалімі, 40 жыл ұстаз болған, қазір зейнеткер.

Ауданның таңдаулы мұғалімі, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі, Жезқазған облыстық мұғалімдердің І-съезінің делегаты, «Жыл мұғалімі» байқауларының 2 дүркін жеңімпазы, Еңбек ардагері, облыстық ақпараттандыру және мектеп мұражайлар байқауының жүлдегері, информатика пәнінен облыстық байқаудың жеңімпазы. II Республикалық «Алтын диск» байқауына жолдама алған, ҚР-ның Құрмет грамоталарымен, облыстық, аудандық марапаттауларға ие болған, аудан жастарын компьютерлік сауаттылыққа үйреткен алғашқы ұстаздардың бірі. Тәжірибесі аудан, облыс көлемінде үш рет бет плакат болып таратылып, білім жетілдіру инстиутында шығарылған жинаққа ( 2001), « Тобықты Шыңғытау шежіресі» энциклопедиясының 6-шы томына ұстаз еңбегі енген.

Селолық әйелдер кеңесінің төрайымы, аудан әкімі жанындағы ақсақалдар алқасының мүшесі, өлке зерттеуші.

Бірнеше кітаптар мен бағдарламалар жазған. «Айтыстың ақберен шебері Ш.Қаржаубайұлының шығармашылық жолы», «өнегелі өмір белестері», «өшпес ерлік, өлмес мұра» (I, II бөлім) ерлік кітаптарын және «Айтыс өнері», «Күләштану» (Сәтмағанбетовамен бірге), «ЭВМ операторы» бағдарламалары, «Информатика сабағында халықтық педагогиканы қолдану және жаңа технологиямен ұштастыру» оқу-әдістемелерінің авторы.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ақпанбаева Т. өшпес ерлік, өлмес мұра. –Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2005. 358 б

2. Ақпанбаева Т. «өшпес ерлік, өлмес мұра» 2 бөлім. –Қарағанды, «Болашақ-Баспа» РББ, 2010. -358 бет

3. Ақпанбаева Т. өнегелі өмір белестері.-«АРКО» ЖШС.-2003 ж.-45 бет. онлайн түрі http://www.calameo.com/read/002530169941a2c203c91

4. Ақпанбаева Т. Айтыстың ақберен шебері Шөже Қаржаубайұлының шығармашылық жолы. Қарағанды, 2002.-34 бет. онлайн түрі http://www.calameo.com/read/0025301697880f0ce8601

50 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page