top of page

Жоба туралы 

  Бұл жобаның мақсаты: Өткенді сақтау, болашақты ашу.  Жоба жастар арасында қазіргі заман батырының бейнесі мен тәртібінің позитивті үлгісін қалыптастыру мақсатында әзірленіп отыр және өлкенің шығармашылық әлеуетін арттыру, сақтау және кітапхана оқырмандарын аса құнды мәнді өлкетану басылымдарымен қамтамасыз ету. Бұл тұлғалардың өнері, шығармалары, кәсіптері ұрпақтан ұрпаққа  жалғаса отырып, қазіргі таң да ізін қуған жастар үшін белсенді өмірлік позициясының айқын үлгісі болып табылады. Яғни біз осы жоба арқылы жастарды  азаматтылыққа тартамыз, Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелейміз.

  Жобаның міндеті: Инновациялық өлкетану ресурстарын құру және кітапханалық өлкетану ресурстарына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

  Тапсырма

  1. «Ақсораң» жобасына енгізу үшін кітапхананың өлкетану папкаларынан отбасылық және басқа да мұрағаттардан таңдап алынған тұлғалардың ең маңызды қолжазба, баспа, фото, бейне-құжаттарын әр жетістіктерін  жинақтау  және цифрлау»;

  2.  Кітапханалық баспа қызметін сапалы жаңа деңгейге көтеру;

  3. Жергілікті өлкетануды насихаттау;

  4. Өлкетану материалдарының жаңа электронды коллекцияларын жасау;

  5. Толыққанды ақпараттық-өлкетану қызметін көрсету үшін жағдай жасау.

  6. Материалдық-техникалық базаны жетілдіру.

 

bottom of page