top of page

ТОРҒАЙ АҚПАНБАЕВА

Ақтоғай аудандағы № 14 кәсіптік мектептің информатика пәнінің мұғалімі, 40 жыл ұстаз болған, қазір зейнеткер.

Ауданның таңдаулы мұғалімі, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі, Жезқазған облыстық мұғалімдердің І-съезінің делегаты, «Жыл мұғалімі» байқауларының 2 дүркін жеңімпазы, Еңбек ардагері, облыстық ақпараттандыру және мектеп мұражайлар байқауының жүлдегері, информатика пәнінен облыстық байқаудың жеңімпазы. II Республикалық «Алтын диск» байқауына жолдама алған, ҚР-ның Құрмет грамоталарымен, облыстық, аудандық марапаттауларға ие болған, аудан жастарын компьютерлік сауаттылыққа үйреткен алғашқы ұстаздардың бірі. Тәжірибесі аудан, облыс көлемінде үш рет бет плакат болып таратылып, білім жетілдіру инстиутында шығарылған жинаққа ( 2001), « Тобықты Шыңғытау шежіресі» энциклопедиясының 6-шы томына ұстаз еңбегі енген.

Селолық әйелдер кеңесінің төрайымы, аудан әкімі жанындағы ақсақалдар алқасының мүшесі, өлке зерттеуші.

Бірнеше кітаптар мен бағдарламалар жазған. «Айтыстың ақберен шебері Ш.Қаржаубайұлының шығармашылық жолы», «өнегелі өмір белестері», «өшпес ерлік, өлмес мұра» (I, II бөлім) ерлік кітаптарын және «Айтыс өнері», «Күләштану» (Сәтмағанбетовамен бірге), «ЭВМ операторы» бағдарламалары, «Информатика сабағында халықтық педагогиканы қолдану және жаңа технологиямен ұштастыру» оқу-әдістемелерінің авторы.

03 001.jpg
bottom of page