top of page

Кенжебеков Руслан

Руслан Айтыкенұлы Кенжебеков 1978 жылы Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылында  дүниеге келген.

Руслан Кенжебеков жұбайымен бірге үш бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.

1985-1995 жылы Қызыларай орта мектебінде оқыды. 1999 жылы  Е.А. Бөкетов атындағы ҚАРМУ-дың заң факультетін оқып бітірді. 2000 жылы Л.Н. Гумилеев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде қылмыстық және құқық пәнінен оқытушы болып қызмет атқарды. 2002 жылдан осы уақытқа дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келеді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекелік медальмен марапатталған.

Спорттағы ерен жетістіктері үшін «Самбо Саңлағы» медальмен марапатталған.

2002-2012 жылдар аралығында Қарағанды облысы Абай ауданы оқу бөлімінде әдіскер, Абай ауданы Әкімі аппаратында бас маман, Қарағанды облысы Әділет департаментінде жетекші маман, Кадр  бөлімінің бастығы, Теміртау қаласы Әділет басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Соттар әкімшісінде бас сарапшы, Қарағанды облысы Соттар әкімшісінің аудандық соттың кеңсе меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінде бас консультант қызметтерін атқарды.

2012-2014 жылдар аралығында Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы инспекция Басшысы,  2014 жылдан 2018 жылдың мамыр айына дейін  Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Минстрлігінің Қарағанды облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау Департаменті Басшысының орынбасары- Әдеп жөніндегі Уәкіл қызметін атқарды.

 2018 жылдың мамыр айынан 2019 жылдың мамыр айына дейін  Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Минстрлігінің Алматы облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау Департаменті басшысы лауазымын атқарады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Минстрлігінің Адами ресурстармен жұмыс Департаментінің (Кадр департаменті) Директоры лауазымын атқарады.

Мемлекеттік қызметтің Басқарушы корпус А кадрлық резервіне алынған тұлғалар тізімінде. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі Академиясының арнайы магистратурасын тәмамдап сот лауазымына біліктілік эмтиханын өте жақсы тапсырып, судьялық лауазымға кадрлық резервке алынған.

 «Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында өз кәсібінде қол жеткізген ерекше жетістіктері, қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымы және халқымыздың рухани жаңғыруына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген Республикалық «Патриоттар Форумы» аясында Руслан Айтыкенұлы Кенжебеков Жыл Патриоты-2017 атағын иеленіп, еліміздің Патриоттарының Алтын тізіміне енді.

Руслан Айтыкенұлы Кенжебеков 2018 жылдың қазан айында Марокко мемлекетінде дүние жүзінің отыз үш мемлекетінің балуандары қатысқан Әлем чемпионатында топ жарып, алтыннан алқа тағынып Ақтоғай ауданы тарихында тұңғыш Самбо күресінен Әлем чемпионы атанып халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленді. Бұл жеңісін теледидарда тікелей эфирде Қазақ халқына, туып өскен Ақтоғай Қызыларай еліне арнады. Туған еліне Әлем чемпионатының алтынын сыйлаған арда азаматын туып өскен елі зор қошеметпен қарсы алды.

Жерлесіміз сонымен қатар Қызыларай ауылының бірнеше дүркін Түйе палуаны. Самбо күресінен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі. Қазақ және Самбо күресінен Қазақстан Чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, Самбо күресінен Халықаралық турнирлардың чемпионы. Самбо күресінен Қазақстан Кубогының жеңімпазы. Самбо күресінен Әлем Кубогының қола жүлдегері атанған.

Руслан Кенжебеков Мемлекеттік қызметте басшылық қызметті абыроймен атқара жүріп спортта да Әлемдік деңгейде еліне жеңіс сыйлаған ардақты азаматымыз.

Ақтоғай ауданы тарихында тұңғыш рет Самбо күресінен Әлем Кубогында жүлдегер атанған палуан ретінде, Ақтоғай ауданының әкімшілігі палуанын қошеметке бөлеп, 2007 жылы Руслан Кенжебеков атындағы қазақ күресінен турнир ұйымдастырды.

Сол кездегі Ақтоғай ауданы әкімі М.Жарылғапов турнирдің ашылу сәтінде ауданымыздан әлі талай мықты спортшылар шығады, бірақ аудан тарихында тұңғыш рет Әлемдік Чемпионатқа қатысып олжа салған Руслан, ауданымыздың Әлемдік спортқа бастар қарлығашы болатыны сөзсіз деген жүрекжарды лебізі Қызыларай ауылының тумасы Руслан Айтыкенұлына берілген   лайықты баға еді.

Руслан Айтыкенұлы Кенжебеков спортты дамытуға және өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға зор үлес қосқан ардақты азамат.

Жері сұлу, елі жайсаң Қызыларайдың қыраны, Ақтоғайдың ұланы Самбо күресінен Әлем чемпионы, 2017 жылдың Жыл Патриоты Әлемдік жарыстарда және мемлекеттік қызметтеде  ел абыройын биік ұстаған жерлесіміз Руслан Айтыкенұлы Кенжебеков екені баршамызға аян.

bottom of page