Мақшонова Гүлдана Шаймұратқызы
1975 жылы 13 мамырда Ақтоғай ауданы Шабанбай би ауылдық округіне қарасты Қасабай бөлімшесінде туған. 1990 жылдан бастап №14 Кәсіптік мектеп жанынан құралған "Тоқырауын түлектері" ансамбльінде ән айтып, осы 1990 жылдан бастап аудандық "Тоқырауын толқыны" ән-би ансамблінің және Ақтоғай халық театрының мүшесі
1992 жылы Күләш Байсейітованың 80 жылдығында Күләш бейнесін сомдап, аудандық К.Байсейітова атындағы байқауда 1 орынды иеленді. 1995 жылы "Тоқырауын түлектері" ансамблінің құрамында Үнді елінің астанасы Дели қаласында өнер сапарымен болып қайтты. 1992 жылдан бастап өткен аудандық, облыстық "Жас қанат", "Жаңа есім", "Ұлытау үні" т.б байқауларының жүлдегері. Сонымен қатар "Балбырауын" халықтық би ансамблінің мүшесі. 2005 жылы Астана қаласында Президенттің мәдени орталығында өткен "Үздік селолық клуб үйі" байқауында концерттік бағдарламаға қатысып, Л.Хамидидің "Бұлбұл" әнін орындап арнайы дипломмен марапатталған. Дауысы колоротуралық сопрано.Жерлесіміз Күләш Байсейітованың ізін жалғастырушы.
"Ақтоғай" халық театрының мүшесі. "Жоғалған адам" трагикомедиясында, Б.Мұқаның "Пай-пай жас жұбайлар-ай" комедиясында т.б спектакльдерді бірнеше рөлдерде сомдаған. Г.Мақшонова үнемі ізденіс үстінде жүреді. Репертуарында халық әндері, классикалық әндер. Сонымен бірге,Қарағанды облысы әкімі жанындағы мемлекеттік білім беру бағдарламасында Г.Мақшонованың есімі "Күләш ізбасары" ретінде енгізілді.2008 жылы 26 қараша күні өткен К.Байсейітова атындағы аудандық әншілер байқауының бас жүлде иегері. 2008 жылдың қорытындысымен облыс әкімінің үздік мәдениет қызметкері атағын жеңіп алып, "Алтын Қобыз" лауреаттық белгісімен, арнайы дипломмен, ақшалай сыйлығымен марапатталды.
КМҚК Ақтоғай мәдени бос уақыт өткзу орталығы жанындағы "Зерде" бейнемобилінің меңгерушісі болды. 2010 жылдан бастап Қарағанды маңызды білім беру "Болашақ колледжінде көркемдік жетекші болып қызметке орналасты. 2012 жылы 10 мамыр айында Астана қаласындағы мұражайында өткен К.Байсейітова апамыздың 100 жылдық мерейтойына байланысты К.Байсейітова атындағы опера-балет театрының әртістерімен Ыбырайдың әні "Гәкку", Л.Хамиди "Жайлауым бақша жайнаған" әндерін орындап тұсаукесер концертіне қатысып қайтты. 2012жылдың 28 мамырында Украина мемкелекетіндегі Ялта қаласында өткен жастар және студент аралық 10-шы халықаралық фестивальінде Л.Хамидидің "Бұлбұл" әнін орындап лауреат атағын алды. 2012 жылы қазан айында К.Байсейітованың Ақтоғай ауданында өткен концертінде Алматы Абай опера балет театрының әншісі жерлесіміз Р.Жұмаділовамен бірге Қарағандының Тәттімбет атындағы академиялық қазақ ұлттық оркестрінің сүйемелдеуімен Л.Хамиди "Бұлбұл", Е.Брусиловский "Қос қарлығаш" әндерін орындап халықтың ықыласына бөленді. 2012 жылы Тоқырауын толқыны ансамблінің вокалдық тобының құрамында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдында өнер көрсетті. 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Кеншілер Мәдениет Сарайында халық шығармашылық тобында ұжым жетекшісі болып қызметке орналасты. 2016 жылы Мәдениет қызметкерлері күні қарсаңында облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Рыстин "Бейбітшілік әлемі" Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің атынан өнер өлкесінде өзіндік өрнегі бар Шығыстың бұлбұлы атанған Қазақтың ұлы әншісі К.Байсейітованың дәстүрін жалғастырушы, Қарағанды облысында соңғы 5 жылдағы концерттік қойылымдар үшін "Мәдениет майталманы" медалімен марапатталды.
2018 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Медениет саласының үздігі" медалімен марапатталды.