top of page

Елеусизова Гүлнар Метаевна

Куәлік
Гүлнар Метайқызы
Гулнара
IMG_20190606_000641_resized_20190606_040
Балаларыммен бірге
IMG_20190606_000552_resized_20190606_041
IMG_20190606_000700_resized_20190606_040
IMG_2782
IMG_20181228_234646
IMG_20181227_130654
FB_IMG_1555574823252
1541425634800
1539013098924
1539014019452
1539013099769
10855099_866700496698415_811159766937867
1539013071560
1539013078715
1535130739728

1976 жылы 1 мамыр күні  Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылдық округінде дүниеге келген.

   1993 жылы Е.А.Букетов  атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөлімшесіне түсіп, оны 1997 жылы  «журналист»  мамандығы бойынша тамамдаған.

   Алғаш еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды қаласындағы  ҚарМУ-дің баспаханасында  бастаған;

  1998 жылы   Ақтоғай ауданы «Тоқырауын тынысы» газетінің жанындағы  аудандық радиоторапта диктор;

  1999 жылдан ауданда алғаш рет тілдер бөлімінің  бастамасымен «Ақтоғай» телеарнасы ашылып,  диктор болған;

  2000 жылдан аудандық «Тоқырауын тынысы» газетінде тілші;

2013 жылдың желтоқсан айынан бастап  аудандық  «Тоқырауын тынысы» газетіне Директор-Бас редактор болып  тағайындалды.

  Осы уақыт ішінде аудан өмірінің тыныс-тірлігі,ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы жолында түрлі тақырыптарда қалам тербеді. Ауылымызда болып жатқан  жаңалықтарды, еңбек адамдарының жұмысын жоғарғы дәрежеде аудандық «Тоқырауын тынысы», облыстық «Орталық Қазақстан», Республикалық «Айқын»,Халықаралық «Заман-Қазақстан» т.б баспасөз беттерінде көрсетіп келеді.

Сондай-ақ,Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыруда белсенді қалам тербеуінің нәтижесінде 2007 жылы «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

2015 жылғы Президент сайлауында белсенді атсалысқаны үшін аудандық  «Нұр Отан» филиалының Алғыс хатын алды.

 

Бүгіндері аудан өмірінің тыныс-тіршілігін газет бетінде жарқын көрсетіп оның  ішінде Елбасының  Жолдауларын,мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыс жасап жүрген ауыл еңбеккерлерінің  жұмыстары «Жұмыспен қамту-2020», «Кәсібің–нәсібің», «Ауылым–алтын бесігім», «Сұлушаш», «Білім стандарты», «Денсаулық стандарты» тақырыптарын жақсы көрсетіп, еркін қалам тербейді.

                             Марапаттары: 

  1. 2007 жыл «Нұр Отан» ХДП-ның Қарағанды облыстық филиалының Құрмет грамотасы;

  2. «Білім меценаты» Бекзат Алтынбеков ұйымдастырған Қ.Орынбетов атындағы  сыйлықтың иегері;

  3. 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағы облыстық басқармасының Алғыс хаты;

  4. 2009 жылы Аудан әкімінің Алғыс хаты;

  5. 2010 жыл Аудан әкімінің Құрмет грамотасы;

  6. 2011 жыл Аудан әкімінің Құрмет грамотасы;

  7. 2012 жылы  аудан мекеме-ұжымдары арасында өткен «Татулығы жарасқан отбасы»  байқауында  бас жүлдені иеленген.

  8. 2015 жылы Халықаралық Қазақ Творчествалық Бірлестігінің    

  9. «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталды.

  10. «Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін» номинациясымен 2015 жылы 25 маусым күні  облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының  иегері;

  11. «Білім меценаты», «Алтын жүрек» сыйлығының иегері Бекзат Алтынбеков ұйымдастырған М.Жармағанбетов атындағы  сыйлықтың иегері;

  12. 2016 жылдың 16 желтоқсаны  күні  «Елбасының сындарлы саясатын белсенді жүзеге асырғаны үшін» Нұр-Отан партиясы Орталық аппаратының Құрмет Грамотасымен марапатталған.

  13. ҚР Журналистер Одағының мүшесі

  14. ҚР Ақпарат министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» медалінің иегері.

 2004 жылдан Нұр Отан партиясының мүшесі.

 

Ақтоғай аудандық филиалы  «Редакция»   БПҰ төрағасы;

bottom of page