top of page

Көкеев Марат Керімбайұлы

 1974 жылы Ақтоғай селосында туған. Инженер-механик және заңгер мамандығы бойынша екі жоғары білімі бар. 10 жылдай сот саласында қызмет жасап , 2007 жылдан бастап кәсіпкерлікке бет бұрған.

 Алғаш Ақтоғайға тұрмыстық техникалар сатудан бастап, 2013 жылы 50 адамдық «888» атты орталық монша салды. Құрылыс және басқа да қызмет көрсетудің көптеген салаларын қамтитын «Құттыбай К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры атанды.

   2018 жылы «Мизам» сауда үйін,   2019 жылы «Аңсар» бизнес орталығын ашты. Ақтоғайды алдыңғы қатардағы аудан орталығына айналдыруға үлес қосу мақсатында аудан көлемінде пайызсыз несиеге құрылыс материалдарын беретін жаңадан үй тұрғызушыларға  арналған «Тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жасады.

 Ұраны: халықтың өз қаражатын өз игілігіне жұмсауы.

bottom of page