top of page
Ақсораң жобасы

"Мен қазақпын" атты халықаралық мега-жоба

Обновлено: 25 сент. 2019 г.

2018 жылдың мамыр айынан бастап «Men qazaqpyn» мега- жобасының екінші маусымына іріктеу кезеңдері облыс көлеміндегі аудан қалаларда өткізіліп бүгінде өз мәресіне жетті.

Байқауды Ақпарат және коммуникация министрлігінің қолдауымен, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы ұйымдастырып отыр. Негізгі мақсат - шалғай ауылдарда жүрген өнерпаздарды үлкен сахнаға шығару. Ең үздік дәстүрлі әнші, термеші және күйші номинациялары бойынша өтетін байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 18 бен 40 жас аралығындағы барлық үміткерлерді қатыстыру. Негізгі мақсат - таза ұлттық дәстүрімізді, өнерімізді насихаттау, әр өңірде қалыптасқан өнер мектебінің өкілдерін кеңінен дәріптеу.

Іріктеу кезеңі Қарағанды облысындағы аудан орталықтары мен шағын қалаларда өткізілді. Барлығы 118 өнерпаз аудандық іріктеулерде бақ сынады. Оның 30-ы дара шығып, облыстық іріктеуге жолдама алды. Қарағанды облыстық іріктеуіне қатысушы дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілер 15 маусымда жеребе тартып, сахнаға шығу реттік нөмірлерін анықтады. 16 маусым күні кеншілер мәдениет сарайында аймағымыздың абыройын кімдердің қорғайтыны белгілі болды.

Осымен халықаралық "МЕН ҚАЗАҚПЫН" мегажобасының облыстық іріктеу сайысыны өнер мектебінің ұстазы Сейсенбеков Марғұлан қатысып, 2-орынды иеленіп бағалы сыйлықтармен марапатталды.




25 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page