top of page

Алаштың бір туар азаматы, арқалы өр ақыны Дәуітәлі Стамбеков (26.01.1947) Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қоңырат ауылында дүниеге келген және оның тербетіліп өскен тал бесігі.  Ақын М. Горький мектебінде білім алды. Дәуітәлі мектепте оқып жүрген кездерінде өзі де өлеңге өлеңге ерекше құмар болды. Сонысына қарай шығарған өлеңдері де мөлдіреп тұратын. Оның өлеңдерінде жеңіл юмор, кейбір сәтте жап-жақсы философия болатын. Ақын жоғары оқуды ҚазҰУ-ды бітірген (1974) «Арқа еңбеккері» аудандық газетінде аға әдеби қызметкер, Республикалық жастар газеті «Лениншіл жас»  (кәзіргі «Жас Алаш») республикалық «Қазақстан пионері» қазіргі «Ұлан» газетінде, «жазушы» баспасында, «Егеменді Қазақстан» газетінде қызмет атқарған.  Алғашқы өлеңдері аудандық облыстық газеттерде жарық көрген. Онға тарта жыр жинағы мен аударма кітаптары жарық көрді. Солардың ішінде «Алтын бесік», «Мазасыз маусым»,  «Нұрлы әлем», «Бұлақтар даланы аңсайды», «Жұмағым мен тамұғым» өлеңдер мен поэмалар жинақтарының авторы. Ол орыс классиктері мен достас елдердің айтулы ақындарының өлең, поэмаларын аударуға ат салысқан. Б. Кенжеев, Б. Қанапияновтардың кітаптарын қазақ тіліне аударған. «Жалын» баспасы ұйымдастырған жабық байқаудың бірнеше дүркін жүлдегері. 1999 жылы Халықаралық «Алаш әдеби сыйлығының лауреаты» атағын алды.

     Ақын 1999 жылы Алматы қаласында 1999 жылы 7 маусымда  дүниеден қайтты.   2002 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы қаратал ауылының тоғыз жылдық мектебіне Дәуітәлі Стамбекұлының аты берілді.

 

 

Әдебиеттер  тізімі:

  1. Стамбекұлы Д. Бір тамшы ғұмыр. Өлеңдер.-Алматы: «Сөздік-словар» ЖШС,2014 .-240 б.

  2. Стамбекұлы Д. Шығармалары. Ғұмырымның баяны/ Дәуітәлі Стамбекұлы.-Астана: Фолиант, 2013. Т. 1: Өлеңдер, поэмалар және балладалар.-344 б.

  3. Стамбекұлы Д. Жұмағым мен тамұғым: Жыр кібабы.-Алматы: Сөздік-словарь, 1999.-304 б

  4.  Стамбеков Д. Революцияға рахмет: Өлеңдер мен поэмалар.-Алматы: жалын, 1982.-80 б

  5.  Стамбеков Д. Қызыл бидай: Өлеңдер мен поэмалар.-Алматы: Жазушы, 1985.-104 б

  6.  Стамбекұлы Д. Ғұмырымның баяны. Өлеңдер/Дәуітәлі Стамбекұлы. Құрастырған: Закарина Ф.Б. –Алматы: «Баспалар үйі» АҚ, 2010.-160 б.

Өмірбаяны

Қызыл бидай

КІТАПТАРЫ

Өлеңдер

Жұмағым мен тұмарым

Бір тамшы ғұмыр

Шығармалары

Өмірбаяны
Кітаптары

Дәуітәлі Стамбеков

Пресса
bottom of page