top of page

Бар мейіріміміз балаларға

Аудандық балалар кітапхансы 1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бар мейіріміміз балаларға» атты тақырыпта Үшарыс алаңында балалар арасында шахмат, сурет салу, сөзжұмбақ шешу, кім жылдам, жұмбақ шешу ойын түрлеріне жарыс өткізілді. Жарысқа белсене қатысып, сыйлықтар таратылды.

«Балғын балалар біздің болашағымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.

Мақсаты: Балаларға шын көңілден шаттық көңіл - күй сыйлап, мереке атауларымен таныстыру. Балаларды қорғау күні қалай аталып өтілетінін өз көздерімен таныстыру. Мерекеге жақсы көңіл - күй керек екенін балаларға ұғындыру.

Кітап дәуір айнасы

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 23-сәуір Дүниежүзілік кітап күніне байланысты «Кітап дәуір айнасы» атты тақырыпта кітап апталығына Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің 4-7 сынап аралығындағы оқырмандардың қатысуымен «Кім жылдам – кім тапқыр» атты ойлан тап сайысы өтті. Сайыста 3 топқа бөлініп, (жұмбақ шешу, мақал-мәтелдердің жалғасын тап, сөз құрастыр және оқыған кітаптар туралы әңгімелеп беру) өткізілді. Кітапханшы Жампейсова Айзада «Кітап дәуір айнасы» атты кітап көрмесін оқырмандарға таныстырды. Шарамызға Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Ұлтыкиеова Гүлзинаттың жетекшілігімен сайысқа қатысқан оқушылар; Жазымхан Айтолқын, Джуматаева Әсем, Курбатов Ержан, Қуандық Жанәли, Наржанов Владимир, Наржанов Виталий, Серікбол Фархат, Айтжанов Бегайдар, Мұратқызы Индира, Ерланұлы Сайран, Болшынбай Уалихан. «Кім жылдам – кім тапқыр» сайысына қатысқан оқырмандарға сый-сиапат көрсетілді. Оқырмандар өз ризашылықтарын білдірді.

Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіріп, кітапқа деген қызығушылығы арттыру, кітаптың шығу тарихы жайлы түсініктерін кеңейту, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу.

Қайсысы күшті

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ

радиосының музыка, балалар редакциясының редакторы, аға редакторы Сұлтан Қалиұлының «Қайсысы күшті» кітабына 10 жыл толуына байланысты тәрбие cағатына 4-7 сынып оқушылары қатысты. Оқырмандарға кітапханашы Жампейсова Айзада Сұлтан Қалиұлының өміржолдарынан шолу оқыды. Оқырмандар Сұлтан Қалиұлының «Қайсысы күшті» кітабынан өлеңдерің дауыстап оқыды.

Мақсаты: Сұлтан Қалиұлының өмірімен таныстыру, өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру, оқушыларға ақының өлеңлерін көңілдеріне тоқу

Кітап –даналардың данасы

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 2 – сәуір Халықаралық балалар кітап күніне орай «Кітап –даналардың данасы» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін тірек мектебінің 4- сынап оқушылары қатысып, өздерінің оқыған кітаптарын мазмұндап айтып берді. «Кітап –даналардың данасы» атты тақырыпта ұйымдастырылған кітап көрмесімен, кітапханашы Жампейсова Айзада оқырмандарға таныстырды.

Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, оқурмандарға кітап оқудың қажеттілігін насихаттау.

Тоқыма тоқып үйренейік

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тоқыма тоқып үйренейік» үйірмесі оқырмандар арасында өткізілді. Үйірмеге Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің және К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін тірек мектептерінің 4-7 сынып оқушылары Жазымхан Айтолқын, Жұматаева Арай, Айтжанова Марал, Жағыпар Әдемі, Әсетқызы Назерке, Шаймұрат Алиналарға кітапханшы Жампейсова Айзада шұлық тоқуды үйретті. Оқырмандар тоқыма тоқуға өз қызығушылықтарын көрсетті.

Мақсаты: Ұлттық қолөнеріміздің бір түрі тоқыма тоқу түрлерін таныстыру, шұлық тоқып үйрену, қолмен тоқу өнерін жан-жақты таныстыру, тоқыманың тұрмысқа қажеттілігімен қазіргі өмірде алатын орнын әңгімелеу, оқырмандардың ой-өрісін дамыту.

Ана- өмір, ана-жыр

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен 8-наурыз Халықаралық аналар мерекесіне арналған "Ана-өмір, ана-жыр" атты кездесу кеші өтті.Кездесу кешінде көпбалалы ана Уатаева Гулбахрам Ә.Бөкейхан жалпы білім беретін мектебінің 6-8 сынып оқушыларына өзінің өмірдегі жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп және отбасындағы бала тәрбиесі туралы ой-пікірін ортаға салды. Оқырмандар атынан Гулбахрам анамызға деген сый-құрметін 8-сынып оқушылары Тұрсынхан Аружан мен Шапибай Назерке ана туралы ән-жырларын тарту етті.

Add Description here

1 наурыз – Алғыс айту күні

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен

1 наурыз – Алғыс айту күніне Ә.Бөкейхан мектебінің жанындағы балалар интернатында 1-8 сынап оқушылар арасында сұрақ-жауап өткізілді. Алғыс айту күніне байланысты сұрақ - жауапқа оқырмандар белсене қатысты. Оқырмандар өз ризашылықтарын білдірді. 

Add Description here

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;

-әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

«Интернет орнына кітап»

Ауандық балалар кітапханасында «Интернет орнына кітап» атты тақырыпта сұрақ – жауап сайысы өткізілді. Сайысқа Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушыларымен сынып жетекшілері Тусипханова Жансая, Есимбек Марслан қатысты. Оқырмандар «Интернет» және «Кітап» болып екі топқа бөлініп, қойылған сұрақтарға жауап беріп жарысты. Екі топ оқырмандары бірдей ұпай жинап, сайысымыз қызықты болып өтті. Келген оқырмандар ризашылықтарын білдірді. 
Мақсаты: Жастарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншілдікті қалыптастырып, дамыту. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.

Кітап- адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап- біздің ақылшымыз, сырласымыз, досымыз. Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдағанымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймасы керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,- деген Абай атамыз «Кітап атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық етпеп пе еді?! Бүгінгі күні теледидар, компьютер, интернет үлкен рөльге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы да болса шындық. Сондықтан, кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыс жүргіземіз.

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Сталинград шайқасындағы Жеңіске 75 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайтын - Ұлы Жеңіс» атты еске алу кеші өткізілді. Еске алу кешіне К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін тірек мектебінің 10 оқушысы қатысты. «Ұрпақтар ұмытпайтын - Ұлы Жеңіс» атты кітап көрме ұйымдастырлып, оқырмандарға таныстырылды. 
Мақсаты: Оқырмандарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, оларға патриоттық тәрбие беру, соғыс жылдарында Қазақстан халқының майданда көрсеткен еңбегін паш ету, жас ұрпақты отан сүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету.

Сталинград шайқасындағы Жеңіске 75 жыл толуына орай Сталинград шайқасы туралы мәлімет және видеролик көрсетілді. К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін тірек мектебінің 7-8-11-сынып оқушылары Нұрланова Шолпан, Сағындық Аяулым, Тұрсынхан Аружан «Сталинград шайқасы» атты тақырапты көркем шығарма жазды.Сонымен қатар Кеңіс Одағының Батыры Нүркен Әбдіровке, Қасым Аманжоловқа, Мәншүк Мәметоваға арналған өлеңдерін К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін тірек мектебінің 4-6 –сынып оқушылары Қуат Айым, Талғатқызы Жібек, Болатбай Әсет, Тұсынбек Нұрсәт, Інкәрбек Асыл, Хамит Нұршат, Тұсынбек Айзада, Болатбай Арай «Қыран туралы жыр», «Нүркен Батыр», «Қасым туралы жыр», «Мәншүк», «Қасым бұлақ», «Батыр қыз», «Қара өлеңнің хағаны», «Қасым дағдыр - Қасым жыр» атты өлеңдерін дауыстап оқыды.

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ертегілер еліне саяхат» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатымызға К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін тірек мектебінің 3-5-сынып оқушылар мен жетекшісі Асқарова Рауана қатысты. Оқырмандарға балалар кітапханасының кітапханашысы Жампейсова Айзада ертегілер туралы қысқаша мәлімет беріп, «Әке мен бала», «Алтын алма», «Тапқыр қойшы» мултьфильмдер көрсетілді. 

Оқымандарға ертегінің мән-мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету. Оқырмандардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту, тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке тәрбиелей ccотырып достыққа, қарым-қатынастарын дамыту. 
«Оқыңыз қызықты ертегілер», «Менің сүйікті ертегілерім» атты тақырыпта кітап көрмелерімен таныстырылды.

Орталық кітапхана жүйесінде Тәуелсіздік күніне байланысты « Қасиетім де, қасіретім де - Желтоқсан» атты танымдық сағаты болып өтті. Абонемент бөлімінің кітапханашысы Кенжебаева Сандуғаш Құсайынқызы мен тілші Жандос Мағзұмұлы жүргізіп жас өспірімдер және колледж студенттері арасында ой-пікірлермен бөлісіп, сол кездегі тоталитарлық кезеңдегі қыспақпен, қазіргі демократиялық өмір салыстырып тарих бетінің бірталай шындығын бетін ашты. Болған оқиғалардан көптеген мағұлматтармен және бірқатар тарихи жағдайлармен таныстырды.

Сонымен қатар кітапхана библиографы Бақыт Кәрімқызы оқырмандарға тәуелсіздік жайлы басылым бетіндегіматериалдардың электронды түрдеде кітапхана сайтынан таныса алатындары және желтоқсан туралы «Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы» кітап көрмесін таныстырды. Танымдық сағаттыңжастарды отансүйгіштікке тәрбиелей отыра жалпы Қазақ елінің тәуелсіздікке қалай қиындықпен жеткені туралы тарихқа шолу жасалды. 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл – әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолындақұрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақатпен шыққандығын жете түсіндіру. Бейбіт күннің жастары үшін желтоқсан оқиғасы алыстағы тарих болып көрінеді. Қазір бұл күн –қазақ халқы үшін ұлы күн , әрі қайғылы күн. Қазіргі кезде тәуелсіздікті қуана тойлап жатсақ, бұл күн кейбір ата-ана үшін баласын жоқтйтын, қсірет-қайғы жамылған қаралы күн. Көптеген отбасы студент болып жүрген балаларынан айырылып қалды. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білугепатриоттық сезімге тірбиелеу. Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттерінен жсалған слайд көрсетілді.

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 
1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты тақырыпта К.Байсейітова және Ә.Бөкейхан мектептерінің 1 - 5 сынып оқырмандар арасында слайт-шоу өткізілді.
Мақсаты: 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне назар аудару, отансүйгіштікке тәрбиелеу; Елбасы өмірбаянымен, еңбек жолымен, шығармаларымен, Елбасы туралы жариялымдармен таныстыру, Елбасыға деген сүйіспеншілік сезімін ұялату; түрлі ақпараттық көздері пайдалануды үйретіп, оқушының қызығушылығын арттыру, шығармашылығын дамыту, ой- өрісін кеңейту.

Көрнектілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, слайд, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді. 
Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің нұры -Тұңғыш Елбасы».

Add Description here

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстаның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туғанына 85 жыл толуына байланысты «Қазақ жазушысының майталманы» атты әңгіме cағаты өтті. Әңгіме сағатына 7-сынып оқушылары қатысты. Оқырмандар Шерхан Мұртазаның «Бойтұмар» атты кітапбінан оқығандарын әңгімелеп берді.

Аудандық балалар кітапханасы «Аққыз» бала-бақшасының бөбектеріне «Ғажайып кітаптар әлеміне саяхат» атты тақырыпта «Аққу» тобының бүлдіршіндеріне «Үш аю» ертегісін оқып, «Алдар көсе», «Жолбарыс пен тышқан», «Құстар», «Көліктер» ертегі кітаптардан қызықты суреттер көрсетілді. Ертегілерді бүлдіршіндер қызығушылықпен тамашалады. «Аққу» тобының тәрбиешілері Сыздықова Сая мен Шахаева Айгуль апайларға ризашылығымызды білдіреміз.

Аудандық балалар кітапханасына «Кітапхана саяхат» атты тақырыпта К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін тірек мектебінің 7-сынып оқушыларын сынып жетекшісі Кәрімханава Арай кітапханаға алып келді. Балалар кітапханасының кітапханашысы А.Жампейсова оқушыларды кітап қорымен, оқу зал, абонемент бөлімдерімен, шебер қол үйірмесінің бөлмелерімен таныстырылды.

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ халқының ақыны Сырбай Мәуленовтың туғанына 95 жыл толуына байланысты «Жыр мұхитының жиһангері» атты тәрбие cағатына 5-сынып оқушылары қатысты. Оқырмандар С.Мәуленовтың өмір жолдарынан шолу жасап, өлеңдерінің мәнерлеп оқыды.
Мақсаты: С.Мәуленовтың өмірімен таныстыру, өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру, оқырмандарға ақының өлеңдерін көңілдерін тоқу.

«Сүйем сені туған өлкем»

Аудандық балалар кітапханасы және өнер мектебінің қолдауымен «Сүйем сені туған өлкем» атты облыстық сурет салу жарысында Марат Лаура алғыс хатпен марапаталды.

Ұлттық тіл-ұлттың тәрбие көзі

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 22-қыркүйек Қазақстан Республикасы Халқының тілдер күніне байланысты «Ұлттық тіл-ұлттың тәрбие көзі» атты 5 сынып оқушылыр арасында мақал-мәтелдер сайыс өтті. Кітап көрме: «Ана тілім – ұлтымыздың айнасы». Мақсатты: Оқырмандарды “сөз мәйегі-мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке,ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету,ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру,сөздік қорың молайту. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру. Ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл –кез-келген ұлттың мақтанышы, ұлттық белгісі. Ұлан байтақ жеріміз, тәуелсіз еліміз, ана тіліміз бар. Ата заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі» деп жазылған. Ата заңның талаптарын әрбір адам орындауға міндетті. Ана тілін сүйген азамат елін де, жерін де сүйеді. Бойында қазақ қана бар азамат ана тілін қадірлеуге, оны көздің қарашығындай қорғауға міндетті. Себебі тіл- ұлттың белгісі,мемлекеттік айбыны. Мақал-мәтелдер сайысында оқырмандар «Сұңқар» және «Тұлпар» тобы болып екіге бөлінді. Байқау 4 сайыстан тұрады: 1. сайыс «Жалғасын тап» 2. сайыс «Сөзжұмбақ» 3. сайыс «Сұрақ жауап» 4. сайыс «Ойлан тап» Сайыс соңында екі топта бірдей ұпай жинап тең нәтиже көрсетті.

Жаңа кітаптар әлеміне саяхат

Аудандық балалар кітапханасы «Жаңа кітаптар әлеміне саяхат» атты тақырыпта кітап көрме ұйымдастырылып, 1-сынып пен 7-сынып оқушылыр аралығында 3-тоқсанда жаңадан келген кітаптарды оқырмандар арасында насихаталды. Мақсатты: Оқырмандарды кітапханаға кітап оқуға қызықтыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, оны таза, ұқыпты ұстауға үйрету, кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғыну:

Ертегілер әлемінде

Аудандық балалар кітапханасы «Аққыз» бала-бақшасының бөбектеріне «Ертегілер әлемінде » атты тақырыпта «Алдар көсе мен Шайтан», «Маймақ қаз», «Үш қой» ертегілері «Жұлдыз» және «Балапан» топтарынының бүлдіршіндеріне көрсетілді. Ертегілерді бүлдіршіндер қызығушылықпен тамашалады. Мақсаты: Балалардың ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру. Тілін, сөздік қорын дамыту.

Сахи Рамановтың туғанына 90 жыл

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен « Кино суретшісі Қазақстаның халық суретшісі өнер қайраткері Сахи Рамановтың туғанына 90 жыл толуына орай 3-4 сынып оқушыларымен «Туған жер», «Табиғат», «Жаз мезгілі» тақырып аясында сурет салудан жарыс өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды бейнелеу өнері-көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.

Ата Заңым тұғырым

30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне байланысты "Ата Заңым тұғырым" сұрақ жауап сайысы өткізілді. Кітап көрмесі "Ата Заң ел тірегі". 1995 жылғы тамыздың 30-ы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданған күні.Конституция әрбір мемлекеттің басты заңы. Осы заң арқылы сол ел азаматтарының құқығы мен міндеттері белгіленді және оларды жүзеге асыру қадағаланды.

Әлем  таныған  Астана

6- шілде  Астана  күні мерекесіне арналған   Аудандық  және  балалар  кітапханаларының  ұйымдастыруымен  « Әлем  таныған  Астана» атты  зияткерлік  ойыны  Мәдениет  үйінің  алдында  өткізілді. 

Кітап көрмесі   « Мақтанышым менің, Астана».

Мақсаты: Астана туралы мәлімет  беру, оқырмандардың Отанына  деген сүйіспеншілік  сезімдерін қалыптастыру, ұлтжандылыққа  тәрбиелеу, әсемдікке баулу, Қазақстан  Республикасы  Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  туып өскен жері, өмір  жолы, қызмет  еткен  кезеңдері  туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымын, өмір  жолын  үлгі  етіп, балаларды  Отанын, халқын, жерін  сүюге, батылдық, патриоттыққа  тәрбиелеу.

Ел  рәміздері- ұлттың мақтанышы

Аудандық  балалар  кітапханасында  4-маусым  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  рәміздер   күніне  арналған «Ел  рәміздері- ұлттың мақтанышы»  атты әңгіме  сағат. 

Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы  түсініктерін  нығайту. Рәміздердің пайда  болуы  және тарихтағы    маңызы   жайлы   түсініктерді   дамыту. Оқушының  есте  сақтауын  дамыту, өз  ойын  дұрыс  жеткізуге  ынталандыру. Оқушыларды  Отан  сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал  қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын  қастерлеп, құрметтеуге, халықының  тегін, тарихын  білуге  тәрбиелеу.

Көрнектілігі: кітап көрмесі «Ата Заң- ел  тірегі ».

Балалар  кітапханасының  оқу  залында  4,5, 6-сынып  оқырмандарымен  әңгіме сағат  өткізілді. 18- оқырман қатысты.

Бақытты  балалық   шағымыз үшін, рахмет  туған елім

Аудандық  балалар  кітапханасында    1-маусым   Балалар қорғау  күніне  арналған «Бақытты  балалық   шағымыз үшін, рахмет  туған елім» атты мерекелік сағат.
Мақсаты: Балалардың  білім  деңгейін. Шығармашылық  ізденісін  байқау.   ойлау  қабілеттерін, қызығушылықтарын, тіл  байлықтарын  жетілдіру, тілге  деген  құрметтін артыру.
          Көрнектілігі: кітап көрмесі «Бақытты балалық  шақ» сұрақ – жауап, жұмбақ шешу, мақал-мәтел  жарысы,  ойлан тап,  ән айту.
         Мәдинет үйінде  1-маусым   Балалар қорғау  күніне    арналған      «Бақытты  балалық   шағымыз үшін, рахмет  туған елім» атты мерекелік сағатқа  1,2,3,4,5 сыныптар  аралығындағы  оқушылар арасында  әр-түрлі  сайыстар өткізілді.  Сайысқа 30 оқырман қатысып, сыйлықтар таратылды.

Ұрпақтармен  мәңгі  жасайтын  есімдер

Аудандық  балалар  кітапханасында  31-мамыр   Саяси қурғын –сүргін     құрбандарын еске  алу  күніне   арналған «Ұрпақтармен  мәңгі  жасайтын  есімдер» атты танымдық  сағат.

Мақсаты: Қазақ  халықының  тарихындағы  қасіретті  солайқай  саясаттың  құрбаны  болған  қазақ т халқының  зиялылары  туралы  оқушыларға  мағлұмат  беру, олардың  есімдерін  құрметтеуге, ұмытпауға  тәрбиелеу.

Көрнектілігі: кітап көрмесі «Қайта  оралған  есімдер» интерактивті  тақтада  слайдтар, қоғам  қайраткерлері  мен   ақын-жазушылардың  портреттері.

Балалар  кітапханасының  оқу  залында  3-4 сынып  оқырмандарымен  танымдылық сағаты  өткізілді. 10- оқырман қатысты.

Аудандық балалар кітапханасында 2-сәуір Халқаралық балалар кітабі күніне арналған «Кітап асыл қазына» атты тәрбие сағаты

Аудандық балалар кітапханасында 2-сәуір Халқаралық  балалар кітабі күніне арналған «Кітап асыл қазына» атты тәрбие сағаты

Add Description here

Әйел Ана,әйел көктем ,әйел нұр

 

      «Ардақтаймыз аналарды» аудандық балалар  кітапханасында 8 наурыз мерекесі  күніне

«Әйел  Ана,әйел көктем ,әйел нұр» тақырыбында  Әлемдегі  бар тіршілік, бақытты өмір әйел

ананың аяулы алақанымен келіп ,адамзат баласына тән адамгершілік қасиеттер –

сүйіспеншілік пен қайырымдылық болмысының шынайы көріністері  ана сүтімен қалыптасады

 десек артық  болмас дей келе  көпбалалы   ана Жанат Бақытгүл, Жанар

Базарқызы мен кездесу кеші өтті.   Кеште  Жанат Бақытгүл,  Қияшева Жанар Базарқызы 

оқырмандарға    өздері  жайында  және  8 наурыз мерекесімен құттықтады.  Аналарға 

оқушылар   Ә.Бөкейхан мектебінің  2 сынып оқушысы  Саденова Балжан, Түсіпбаев Аян,

«Анашым» , К.Байсейітова  мектебінің  3 сынып оқушысы Жұманова Әсем  «Ана»  туралы

әндерін орындады, тағыда басқа төменгі сынып оқушылары ана  туралы тақпақтарын

айтты.Кездесу кешке қатысқан аналарға, оқушыларға сый-сиапаттар тарту етілді.

Add Description here

Please reload

bottom of page