top of page

Біз туралы

      Балалар кітапханасының негізі 1954 жылы құрылған. Алғашқы менгерушісі болып Риза Өкімбаева жұмыс жасаған. Кітап қоры-20834 дана. Оқырмандар саны-1059. Кітап берілімі-23 004 дананы құрайды.

     Балалар кітапханасының оқырмандарын-балалар, олардың ата-аналары, мектеп ұстаздары және балабақша тәрбиешілері құрайды. 

      Кітапханада оқу залы және абонемент бөлімдері жұмыс жасайды. Абонемент бөлімінде әр саладағы кітаптар болса, оқу залында мерзімді баспасөз басылымдары бар. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ертегілер бөлмесі жұмыс жасайды.   

    Кітапханада 3 адам  оқырмандарға қызмет корсетуде. Кітап қоры жылда жас оқырмандарға арналған жаңа кітаптармен  толығып тұрады. Кітап қорын тақырыптық сөрелер, кітап көрмелері, жаңа кітаптар бюллетендері, жылжымалы кітапханалар арқылы кішкентай оқырмандарға насихаттап, әртүрлі қызықты тақырыптық кештер, тренинг-ойындар, танымдық кештер ұйымдастырып отырады.

    Байланыс телефоны: 871037 2-11-75,              

bottom of page