top of page

Екінші тың ерлерінің маршы

​әні мен сөзі: Д.Садуақасов

 

 

Біз жастар жаңа өмірге қарай ұшқан

Бақытқа әрбір таңды балап ұшқан

Туған ел алтын ұя түлегіміз

Жалғаған аға ұрпақ ізін басқан

 

Қайырмасы

Ей, аршындап адымдап алға

Сұңқардай биікке самға

Өрлеуден көкке талма

Қанатын қақта самға

Мақсаты бірге, тілегі бірге

Екінші тыңның ерлеріміз

 

Жайқалған жастық шақтың жапырағы 

Отаным тыңға екінші шақырады

Ұл қыз еңбек етіп білім алған 

Құрметтейді туған жердің атырабы

Ақтоғай алтын бесігім

сөзі:Абзал Бөкен

әні: Дәртай Садуақасов

 

Ақтоғай мекендеген арқа белім

Аяулы құтты қоныс дархан елім

Ән күймен маңайына маржан шашқан

Арқаның мойнындағы арқама едің

 

Қайырмасы

Бұлбұлдай сайрай бер Ақтоғайым

Гүл гүлдей жайнай бер Ақтоғайым

Тілегің боп қуанып мен 

Жүрегің боп шаттанайын

 

Жайнай бер, жайнай бер Ақтоғайым

Жарқырап жұлдыздай бақталайын

Атыңды айтып мақтанайын 

Алтын бесік Ақтоғайым

 

Ақтоғай шалқып жатқан ырыс далам

Еңбекшіл елі қолға туыстаған

Сәнімен Күләштардың сәулеттеніп 

Әнімен Манарбектің тыныстаған

 

Қ-сы

 

Даладай дастарханы кең болады

Қырандай қияндарға қомданады

Сауықшыл сері мінез сертке берік

Ақтоғай міне осындай ел болады

 

Қ-сы

Шығармалары

Шашу

әні мен сөзі: Д.Садуақасов

Бақ қонып қыдыр жанып дарыған күн,

Қорлық пен зомбылықтан арылған күн.

Арманы атабаба орындалып,

Қарыны ақ түйенің жарылған күн

 

Қайырмасы

Ей -шашу -шашу

Шашу шашыңдар

Әнге басыңдар

Елім менің мерекелі 

Жерім менің берекелі

Жарқын болсын келешегі 

Шашу шашыңдар

 

Көрсем деп осы күннің атқан таңын

Батырлар сарбаздар мен төккен қанын

Тәуелсіз ел болдық деп Қазақстан 

Жарлыққа қолын қойды Нұрсұлтаным

 

Қ-сы

Мектеппен қоштасу вальсі

​әні:Д.Садуақасов

Сөзі:Қ.Кенжебекова

 

Бір сезім қуаныш пен алабұртқан

Баурайды жүрегімді алып ұшқан

Есейіп бүгін біздер қалыппызғой

Балалық сығалайды қайрылыстан

 

Қайырмасы:

Санамда гүлін көктеткен

Қоштасам бүгін мектеппен

Қимаймын қстаздарымды

Қимаймын жан достарымды

 

Партада екі екіден отырғанбыз

Бейхабар жазу-сызу оқудан біз

Қстазым біліміңмен сусындаған

Бқл күнде балауса қыз, боз баламыз

 

Қ-сы:

 

Ілесіп өмір көшке біз барамыз

Жолынан ата-баба үлгі аламыз

Жарқырап әр шаңырақта бір бір жұлдыз

Қоштасып мектеппен ән саламыз.

Жылқышы әні

әні мен сөзі:Д.Садуақасов

 

Сайгүлік, арғымақ баққаным ей бақ,

Ақтабан бәйгелер алуан баптадым.

Халқымның қазанын толтырып, ей толтырып,

Жылқыны аман-сау жаз қысы сақтадым.

 

Қайырмасы:

Ақ құрығын бабалардың 

Ұстап келеді балалардан

Татулық пен берекені

Сақтап келер аналарым

Асқар Алатаудай болған

Аман болсын Оралдарың

 

Киелі қара қос тұрағым ей тұра,ым

Жылқыға от іздеп көші қон тұрағым

Ақ адал еңбекпен жинаған, ей жинаған

Малыма амандық Алладан сұрадым

Тентек қара

        әні мен сөзі: Д.Садуақасов

 

Қызыларай баурайында

Жарқырап күн туыпты

Арқасында жыр жабысқан

Қара тентек ұл туыпты

 

Қайырмасы

Ей, төрлет, төрлет, төрлет

Төрлет жырдың ақ иығы

Халқын сені күтіп отыр 

Шындық толы жыр әніңді

 

Сағындыңба балапаным

Ақсораңның дала таңын

Шет жүргенде ұмытпасаң 

Ақтоғайдың алақанын

 

Қайырмасы

Ей, төрлет, төрлет, төрлет

Төрлет жырдың ақ иығы

Халқын сені күтіп отыр 

Шындық толы жыр әніңді

 

Қазақстан -Үндістан 

әні мен сөзі:Д.Садуақасов

 

Сапар шектім бүгін таңда

Бабаларым өзің қолда

Дұғай сәлем айтып жатыр

Қазақстан -Үндістанға

 

Қайырмасы:

Сәлем саған Үнді елі

Тілеп жатыр қазақ жері

О-о-о-о-о-о-о-о

Абай елі бабалардан

Өнерпаз жас балалардан

Сәлем саған Үнді  елі

 

Қонақ келсе қой соятын

Қуанғаннан жар салатын 

Ақ пейілді кең көңілді 

Дастарханмен қарсы алатын

 

Қ-сы

Жеңіс тойы әні 

әні мен сөзі:Д.Садуақасов

 

Қан төгіспен жеңіске жеткен елім

Майдан үшін тылда еңбек еткендерім

Риза болсын аруақтар еске алайық

Жеңіс силап өмірден өткендерім

 

Қайырмасы:

Жараланып ауылға жеткендерім

Елі үшін құрбан боп кеткендерім

Сендер берген жеңіс туы, жеңіс күнін ән қылып

Жырлап өтер ұрпақтар есте сақтап мәңгілік

 

Дариғасын Қасымдар жоғалтпасын

Жас қазақ деп Рамазан ән айтпасын

Әлия мен Мәншүктей аруларым

Мылтық ұстап қолына оқ атпасын

 

Қ-сы

Майдангерлер ардагер ағаларым

Қартайсаңда артық қой бағаларың

Қатарыңды сиретпей жүре тұршы 

Деп тілейді арттағы бабаларың

Толқиды тоқырауын толқындары 

әні мен сөзі:Д.Садуақасов

 

Аралап Ақтоғайды жол шығады

Саялы желпіген жел толқын әлі

Ақынның жүрегіндей ел сағынған

Толқиды, толқиды Толқындары

 

Қайырмасы:

А-а-а Тоқырауын

Толқи бер, толқи бер, толқи бер толқындарым

 

Көрген жан қалай ғана толқымады

Дүниенің толқымаған ол кім әні 

Ананың айналайын дегеніндей

Толқиды, толқиды Толқындары

 

Қ-сы

 

Адамның келгеніндей ой құмары

Желкілдеп желбірей бой тұмары

Қыз тосқан жас жігіттей жазғы кеште

Толқиды, толқиды Толқындары

Тоқырауын вальсі 

 әні:Д.Садуақасов

сөзі:Е.Хасанғалиев

 

Арқа белде Ақтоғай

Атырабы ән екен

Жасыл алқап жайлауы

Сарыарқаның сәні екен 

Толқып аққан өзені

Тоқырауын даңқы бар

Жырын жанын сезеді

Еңбек сүйгіш халқы бар

 

Қайырмасы:

Айдынында аққулар

Ән шалқытып ұшады

Бұл өмірде шат думан

Жанын ләззат құшады

 

Тоқырауын тән сүйген

Аты көпке әйгілі 

Ұл қыздары ән күйден

Жеңіп алған бәйгіні

Кезгенінде даласын

Құмардан бір шығасың 

Азаматың жанында 

Адалдықты ұғасың

 

Қ-сы

 

Ару қызы аққудай 

Ақсұңқардай жігіті 

Бұл өмірде шат думан 

Үзілмеген үміті

А -а - а- ай

Бұл өмірде шат думан 

Гүлге толы құшағы

Шопан ата 

әні мен сөзі:Д.Садуақасов

 

Есенсізбе? Шопан ата қарындастар

Балдырғаны ауылдың қарлығаштар

Мыңғыртып мал өсірген кең өрісте

Аяулы ұлменен қыз замандастар

 

Қайырмасы:

Еңбекпен жайқалтқан

Туған жер өлкесін

Арайлап таң атқан

Нұрлысың, көркемсің

Ей жаса, жаса Шопан ата

 

Гүлденген арманымның бәйтерегі 

Толтырған қоңды қойға әр төбені

Ағалар еңбегіңді қастерлейді

Шопанның ақ таяғын мәртебелі

 

Қ-сы

 

Атағын әр ісіңе көрік берген

Тұлғаңды көрем әркез биіктерден

Даланың дауылпазы сырлас досы

Мың алғыс еңбегіне сүйікті елден

bottom of page