top of page

Шығармашылығы

1993 жылы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

2008 жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды.

1996 жылы ’’Жыршуақ’’ /Жезқазған/;

1999 жылы ’’Дүние‑дүрмек’’ /Алматы/;

2006 жылы ’’Шұғыла‑шуақ’’ /Алматы/ деген атпен жыр жинақтары жарық көрді.

Оның тікелей басшылық етуімен, құрастыруымен 2004 жылы Жезқазған қаласының 50 жылдық тойына орай ’’Жезқазған’’ энциклопедиялық анықтамасы, 2007 жылы Алматы қаласындағы ’’Эверо’’ баспасынан ’’Ұлытау ақындары’’ және ’’Ұлытау – Жезқазған өңірінің жер-су атаулары’’ деген жинақ жарық көрді.

«Қарағанды. Қарағанды облысы» және «Қаныш Сәтбаев» энциклопедияларын құрастыру жұмыстарына қатысты. 2014 жылы «Жезқазған» танымдық жинағы баспадан (Алматы: «Классика») шықты.

Француз моралистерінің (Ф де Ларошфуко, Б.Паскаль, Ж де Лабрюйер, XVII ғ) еңбектерін (О.Жәлелұлымен бірлесіп) аударған. Жинақ 2011 жылы «Аударма» баспасынан «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясымен жарық көрді.

Словения, Латвия, Эстония, Литва ақындары З.Коцбектің, М.Бордың, Б.Мацкявичюстің, В.Шимкустің өлеңдерін аударған. Аудармалары «Еуропа поэзиясы. ХХ ғасыр» атты жинаққа енген. Жинақ 2010 жылы «Аударма» баспасынан «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясымен жарық көрді.

«Емен – ұзақ жасайтын ағаш» трагедиясы, «Жолайырық» драмасы Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттер театрында қойылды.

«Әбілмансұр» эпикалық драмасы (Р.Ыбыраевамен бірлесіп жазылған) және «Сәкеннің соңғы сәттері» композициясы (Т.Жанботаевпен бірлесіп жазылған) С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған сазды-драма театрында қойылды. Режиссерлер: Жанат Хаджиев, Теміржан Жанботаев.  

 

bottom of page