top of page

Сейсенбеков Марғұлан Еламанұлы

2017.11.04 Шабыт шаттығы үшінші орын алд

Мен Сейсенбеков Марғұлан Еламанұлы

 

  1984 жылы 23-сәуірде қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келдім. Отбасында үш баланың кенжесімін.

2003–2007 жылы Қарағанды Тәттімбет атындағы өнер колледжінің домбыра-тенор, оркестр оқытушысы ансамбль артисінің жетекшісі мамандығын алдым.

  2005-2006  жылы  Саран қаласының  №1 Балалар өнер мектебінде домбыра сынып мұғалімі болып жұмыс істедім.

  2005-жылы  Қазақ халқының, қала өмірінің мәдени өміріне қосқан шығармашылық үлесі үшін «Жастар және мәдениет » номинациясы бойынша  Саран қаласының әкімі М.Смағұловтың  алғыс хатымен марапатталдым.

  2005-жылы  Тәуелсіздік күніне байланысты  "Қаланың мәдени өміріне, патриоттық тәрбие беруіне көрсеткен белсенділігі үшін"  Саран қаласының әкімі М.Смағұловтың  алғыс хатымен марапатталдым.

  2006- жылы "Жоғары шығармашылық жетістіктер үшін қала халқының мәдени мұрасын насихаттаудың қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысқаны үшін" Саран қаласының әкімі М.Смағұловтың  алғыс хатымен марапатталдым.

  2006-жылы  №1 Балалар өнер мектебінің 25 жылдық мерей тойына жас дарынды орындаушылар дайындағаны үшін  №1 Б.Ө.М. – директоры К.Қ.Нұрсафинаның алғыс хатымен марапатталдым.

 2006-жылы Ақтоғай ауданының "Өнер" мектебінде "Домбыра" сыныбының мұғалімі болып жұмысқа орналастым.

  2007-жылы  V облыстық «Күй қайнары» байқауында оқушым  II-орынға ие болды. Шәкірттерін дайындаған үшін Е.Н.Иманғалиевтің алғыс хатымен марапатталдым.

  2008-жылы Қарағанды облысында VI  облыстық «Күй қайнары» байқауында күйшілік  өнер шеберлігімен  ерекшеленіп, өнер  додасына  қатысып  белсенділік  танытқан  «Талапкер»  номинациасының  жеңімпазы болып Е.Темірғалиев  марапатталды. Шәкірттерді дайындағаным үшін Е.Н.Иманғалиевтің алғыс хатымен марапатталдым. 

  2008-жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімінен ТМД мемлекеттері өнерпаздарының қатысуымен өтетін Дельфийлік ойындарға іріктеу мақсатында өткен, аудандық «Жаңа есімдер» байқауына «Ұлттық аспаптарда ойнау» номинациясы бойынша Мағауина Самал

І-орынды иеленді.

  2008-жылы   Қарағанда облысы жастардың  Дельфийлік ойындарының «Халық аспаптары» домбыра номинациясынан Мағауина Самал III-орынды иеленіп Республика  бойынша  Тараз  қаласында  өтетін  байқауға  жолдама  алды.

  2008-жылы Ақпан айының 24 күні « Өнерім-өмірім-Ақтоғайым » атты  аудандық Мәдениет үйінде өнер мектебінің шығармашылық кеші өтті. Жас толқын ансамьблі Н.Тілендиевтің «Ата толғауы»,  халық күйі  «Тепен көк», Сейтектің  «Тойбастар», Дәулеткерей «Көрұғлы», С.Тұрысбеков «Көңіл толқыны», Н.Әубәкіров «Наркескен», Беларусь полькасы «Янка»,  шығармаларын орындады. Аудан басшылары мен халқы тамашалап ризашылықтарын білдіріп өз бағаларын берді.Оқушылардың шығармашылық кештерін облыстық телеарналарда насихатталды. 

  2008-жылы Қарағанды облысында Шыңғыс Артықбаевты еске алу шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін Темірғалиев Ернұр мақтау қағазымен марапатталды.

  2008-жылы  Астана Қаласының 10 жылдығы, облыстық «Қазақстан-Қарағанды » телеарнасының 50 жылдығына орай қалалармен мен селолық, аудандық халық шығармашылықтарының «Әнім де сен, сәнімде сен -Астана!» атты байқауға оқушылар оркестрі  Дәулеткерей «Көрұғлы», С.Тұрысбеков «Көңіл толқыны», Н.Тілендиев «Ата толғауы» орындап  шықты. Осы байқауда Ақтоғай ауданы Тоқырауын ән-би ансамблі бас жүлдені жеңіп алғанына байланысты, өз үлестерін қосқан өнер мектебінің «Жас толқын » ансамблі ақшалай сыйлықтар алып марапатталды.

  2008-жылы Жас маман, домбыра сыныбының маманы,жас жанұя ретінде, аудан әкімі село орталығында жаңа коммуналдық үйден пәтер берді.

  2009-жылы « Өнерлі-өрге жүзер » атты шығармашылық  есеп бердік. Аудан басшылары мен халқы тамашалап ризашылықтарын білдірді.

  2009-Аудандық «жаңа есімдер» байқауда оның ішінде «Ұлттық аспапта ойнау» жанры бойынша 10-15 жас аралығында үздік өнер көрсете отырып I-орынға Өмірәлиева Гүлсая иеленіп дипломмен марапатталды.

  2009-жылы VII-облыстық  « Күй қайнары » байқауында өз өнерімен және орындау шеберлігімен ерекшеленіп III-орынды  Темірғалиев Ернұр иеленіп, мадақтама грамотасымен марапатталды. Шәкірттерді дайындағаным үшін Е.Н.Иманғалиевтің алғыс хатымен марапатталдым.

  2009-жылы Қарағанды облысында 43 облыстық конкурс ұлттық аспаптарда ойнау номинациясы бойынша ІI-орын алғаны үшін Мағауина Самал дипломмен  марапатталды.

  2009-жылы  43-облыстық жас музыканттар байқауынан жоғары кәсіби шеберлігі үшін облыстық білім департаментінің мақтау грамотасымен  марапатталдым.

  2009-жылы «Ғылым» баспасымен Республикалык оқушыларының  «ҚАЗАҚСТАН ҮМІТКЕРЛЕРІ» кітабына  Мағауина Самал енді.    

  2009-жылы Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Күмбірле сазды домбыра» атты қалалық байқауынан, 9-11 жас аралығында Серікбол Балжан бас жүлдені иеленіп дипломмен марапатталды, Жандығұлов Абылай II орынды иеленіп  дипломмен марапатталды. Қаламан Мадина Алғыс хатпен марапатталды. 

12-14 жас аралығында І дәрежелі  дипломмен Мағауина Самал марапатталды, Болатбек Құралай Алғыс хатпен марапатталды.  15-18 жас аралығында Сағатбек Рауана  III орынды иеленіп  дипломмен марапатталды.

  2009-жылы  Өнер мектебінің «Жас толқын» ансамблі Ақтоғай ауданының әкімі  М.С.Жарылғаптың  мақтау грамотасымен  марапатталды.

  2009-жылы  Ақтоғай ауданының білім бөлімі  "Білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі" үшін  алғыс хатпен марапатталдым.

  2010-жылы Астана қаласында өткен IV Республикалык  «Ақ көгершін»  байқауында 13-17 жас аралығында І дәрежелі лауреат Мағауина Самал, 9-12 жас аралығында  III дәрежелі лауреат   Жандығұлов Абылай,  І дәрежелі  дипломант  Серікбол Балжан дипломдармен марапатталып, Туркия мемлекетінің Ерзин, Адана қаласында өтетін Түркі халықтарының халықаралық «Апельсин» балалар фестиваліне жолдама алып,  2011-жылы  қаңтар айының 6, 13-і күн аралығында мектептің «Жас толқын» домбырашылар ансамблі  Қазақстан Республикасынан барған топтың құрамына еніп, өз өнерлерімізді  көрсетіп қайтық.

  2010-жылы  Астана қаласында өткен IV Республикалык  «Ақ көгершін»  байқауынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің  «Үздік мұғалімі» дипломмен марапатталдым.

  2011-Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және "Тәуелсіздіктің жиырма белесі" жұлдызы күндері аясында ұйымдастырылған "Күй-құдірет" аймақтық күйшілер байқауында бас жүлденің иегері атандым.

  2012-жылы Облыстық білім департаменті бастығы Е.Н.Иманғалиевтің "Жоғары кәсіби шеберлігі үшін"  Грамотасымен марапатталдым.

  2014-Қарағанды облысы әкімі Н.Әбдібековтың "Білім саласындағы сыйлығы" сертификатымен марапатталдым.

  2014-жылы Қарағанды облысының мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы директоры  К.Садвокасованың "Қазақ өнерінің туын биікке көтеріп, халыққа адал қызмет етіп, облысымыздың мәдени-рухани дамуына ат салысқаны үшін" Құрмет грамотасымен марапатталдым.

  2015-жылы  Домбыра сыныбының оқушылары Өмірғалы Мадияр, Медет Ернұр, Дәулен Ақжүніс, Қабдыман Назымсұлтан, Жансарбай Абылай  «Рух» халықаралық қайырымдылық  фестиваль байқауына қатысып, І,ІІ,ІІІ орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды.

  2015-жылы домбыра сыныбының оқушылары Сағат Нүрсәуле, Есім  Қайыр, Жайлауов Әсет  «Ақ сұңқар» халықаралық фестиваль конкурсына қатысып,  І.ІІ.ІІІ орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды.

  2016-жылы Өнер мектебінің түлегі, оқушым Мағауина Самал  Қарағанды қаласында өткен Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдығына арналған республикалық байқауында  бас жүлдені жеңіп алып 500 мың теңгені қанжығасына байлады.

  2016-жылы ҚР 25 жылдығына орай Аққыз (Мүгілсім) Ахметқызы атындағы Облыстық шертпе күйшілер сайысында оқушым Серікбол Балжан бас жүлдені иеленіп 100 мың теңгені қанжығасына байлады.

  2016-жылы ҚР 25 жылдығына орай Аққыз (Мүгілсім) Ахметқызы атындағы Облыстық шертпе күйшілер сайысына Гран-при иегерін дайындағаным үшін "Сарыарқа дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығының басшысы М.Ж.Сыздықовтың Құрмет грамотасымен марапатталдым.

  2017-жылы 35 жасқа дейін оқытушылар арасында өткен облыстық "Шабыт шаттығы" байқауында "Қазақстан композиторының шығармасын үздік орындау" номинациясы бойынша, Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы  Е.Иманғалиевтің грамотасымен марапатталдым.

  2017-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қарағанды гуманитарлық колледжінің 40 жылдығына арналған "Аспап үні" атты облыстық жас орындаушылар байқауында "Домбыра" номинациясы бойынша жеңімпаз жетекшісі ретінде колледжі директоры Е.Әміровтың алғыс хатымен марапатталдым.

  2018-жылы Қарағанды қаласында өткен халықаралық "StarTrek" байқауында жас еркшеліктеріне байланысты Е.Боранқұл, Е.Медет, М.Шерняз жүлделі  I,II орындарды иеленді.

   Ауданның қоғамдық  саяси-мәдени өміріне белсене қатысып тұрамын, аудандық «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблінің белді мүшесімін. Шахматтан аудандық, облыстық спартакиадаларға қатысып бірнеше дипломдармен марапатталғанмын.

  Қазіргі таңда өзім еңбек етіп жатқан аудандық "Өнер" мектебінде жоғарғы білімі бар, жоғары санатты мұғалім болып домбыра сыныбынан дәріс беріп келемін.

bottom of page