Ел келешегі, ұлт болашағына ақыл- сана, қабілет- қарымы, ерен еңбексүйгіштік қасиеттерімен үлес қосып жүрген атпал азаматтар қатарында елім дейтін ерен азамат Алтынбеков Бекзат Қомарұлының ірі істердің уығын қадап, керегесін кеңейтіп, шаңырағын көтерген дарабоз дархандығымен аймағымызға танылған танымал кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты, «Білім меценаты-2012» күміс белгісінің иегері.
«Сегіз қырлы, бір сырлы» азаматтың қиындығы мен қуанышы қатар өрбитін өмір жолына көз жіберсек, еңбекпен есейіп, өрістеген жылдар тізбегі елес береді. Еңбексүйгіштік адамның адамдық қасиетінің негізгі өлшемі екендігін ерте пайымдаған жеткіншек еңбекке де ерте араласты. Қарапайым еңбек жолынан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқара жүріп, жаңалыққа ұмтылып, ізденуден танбады. Жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен, біліктілігімен жан-жағына танылған жігітке басшылық тізгіні жауапкершілігіне сеніп тапсырылды. Білім саласына жаңа өзгерістер еніп, мамандар қажеттілігі туындап жатқан шақта Бекзат Қомарұлы орта буын құқық саласының мамандарын даярлайтын оқу орнына басшылық жасады.
Ел экономикасының өркендеуі де, алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына кіру - еліміздегі білім сапасына да байланысты. Қазақстандық ұмтылыс, толыққанды білім мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік пен құрмет, ар-намыста жатыр. Біз намысты қолдан бермейтін, сенімін серік еткен, жеткен биіктен әрі асуды көздейтін ел азаматымыз.
Жас өркеннің рухани болмысы мен азаматтық бейнесін қалыптастыруда ұлттық мәдениеттен қол үзбей отырып, өнер-білім машықтарын, білім арқылы халықтық тәлім-тәрбиені меңгерту, халықтың бай тарихи тәжірибесіне сүйеніп, келер ұрпақты еңбекке, кәсіпке үйрету, әлемдік білім кеңістігінде елдің намысын жоғары қоя білуге баулу – оқу орнының құрылтайшысы ретінде биік мақсаты.
2004 жылы ол Адам баласының ортақ қазынасы- ілім-білімді өркендету, білім бағытындағы тың жаңалықтарды өңірімізде өрге тарту, жергілікті жастардың өз туған жерінде жоғары білім алуына жағдай жасау мақсатында Қазақ қатынас жолдары университетінің жанындағы «Кәсіптік бағдар және қашықтықтан оқыту орталығын» ашты. Ғылым жемісі халық игілігі үшін екендігін түйсінген ізденімпаз азамат ұйымдастыру-басшылық қызметін ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ұштастырды: 2006 жылы «Қазақстанның ауыл-шаруашылық интеллигенциясы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты атанды. Үздіксіз білім алу және биік мақсаттарға ұмтылысы арқасында ол 2007 жылы Е. Букетов ат. КарМУ-дың заң факультетін бітіріп, екінші жоғары білімді иеленді. Үздіксіз білім мен еңбек майданы оны білікті маман, көп қырлы шығармашыл құзыретті тұлға ретінде қалыптастырып шыңдады.
Басқалар үшін жарық сәуле болу, нұр шашуды азаматтық борышы санайтын Бекзат Қомарұлының әр жылы, әр кезеңі ізденіске, жақсылық жасауға тұрды. Үздіксіз білімін көтеру, еселі еңбек етуі оны жан-жақты құзыретті тұлға ретінде шыңдалды.
2005 жылдан жеке кәсіпкерлікті қолға алған Бекзат Қомарұлы білім саласындағы игілікті істеріне, бай тәжірибесіне сүйеніп, өңір жастарының туған жерінде білім алуына мүмкіндік жасап, өлкемізді өркендетуге күш-жігерін жұмсайтын құзыретті маман болып қалыптасса деген мақсатпен 2009 жылы Жезқазған Бизнес және көлік колледжін ашып, оның құрылтайшысы болып танылды. Өмір жолының сан қырлы соқпағында ұлағатты мақсатты межелеп, сол мақсат үшін білік-білімін арнап жүрген мақсатшыл азаматтың көрегенділігін паш еткендей, «Жезқазған, Сәтбаев қалалары, Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2015-2017ж. арналған кешенді бағдарламасы» бойынша дені теміржол мамандарын даярлайтын колледждің түлектері «Жезқазған-Бейнеу, «Шұбаркөл- Арқалық» теміржолдарының құрылысына маман болып араласып та кетті.
Болашақ- білімді жастарда! Жастар табысы – елдің табысы! Келешекте техника тетігін игерген, бизнес ісін меңгерген білікті, білімді мамандарымен кемелденген мемлекет болуға қосар өз үлесі бар кәсіптік – техникалық мамандар даярлау ісіне қолдау көрсету де зор іскерлікті талап етеді. Сондықтан елімізде жүзеге асырылып жатқан үдемелі инновациялық – индустриялық даму бағдарламасының жүзеге асуына үлес қосу, осы заманғы сұранысқа сай білікті мамандар дайындап шығару- алға қойған негізгі басты мақсатының маңыздысы. Бекзат Қомарұлы қазақ жастарының білімін халқына арнағанын, жаңа, жоғары технологияларды игергенін, жоғары мәдени деңгей, рухани байлық, отаншылдық қасиеттер ел өмірінде, біздің өмірімізде көрініс тапқанын қалайтын отаншыл азамат.
Колледж бүгінде аймақтағы бәсекеге қабілетті білім ордаларының қатарында еңбек нарығында сұранысқа қажет көлік және бизнес саласы мамандықтары бойынша жастарға сапалы білім беруде.
Өзіне де, өзгеге де қатаң талап қоя білетін, кез келген іске үлкен жауапкершілікпен қарайтын білікті де білімді басшының ұйымдастырушылық қабілеті, ұстаздық шеберлігі бүгінгі заманның талабына сай ашылған оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту, маман кадрлармен толықтыру, оқу-тәрбие жұмыстарын талапқа сай ұйымдастыру, жаңа технологиялық үрдістерді енгізу және студенттердің әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.
Адал да білімді адамдардың көздеген мақсатына қалайда қол жеткізетіні анық. Іскер де ізденімпаз, талапшыл басшы басқаратын колледж аз уақыттың ішінде қаламызға оқу-тәрбие үрдісіндегі жетістіктерімен жете танылуда. Қазақ әдебиетін, мәдениетін ұлықтау, өнерді бағалай білу мақсатында колледж бен қалалық драма театрының арасында оқушыларды айына төрт рет қойылымдарға апарып тұруға өзара келісімшарт жасалса, ішкі саясат бөлімімен тығыз байланыс жүргізіп, қалалық мәдени шаралардан сырт қалмауда.
Елімізде жүзеге асырылып жатқан үдемелі инновациялық – индустриялық даму бағдарламасының жүзеге асуына үлес қосу, осы заманғы сұранысқа сай білікті мамандар дайындап шығару- колледждің алға қойған негізгі басты мақсаты.
«Халықтың кемеліне келіп,өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» - деп дана ғалым Шоқан Уәлиханов айтқан сындарлы тұжырымның маңызы қай ғасыр, қандай заман болса да маңызын жоймақ емес. Бүгінгі өркениет өріс алған ғасырда да білімнің бағасы төмендеген жоқ. Білім сласына қамқорлық жасау,
Үш қасиет-кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім- адамның шын мағынасындағы білімді болуы үшін қажет. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін- нәрсе- білім Әуезов. Білім саласындағы кәсіпкерлікті қолға алды.
Қайырымдылық мейірімділік, жатқа көмек қолын созу, жарымжанға қамқорлық жасау –адами қасиеттің болмысы бір басынан табылатын ел азаматтары тамшыдай ғана бүгінгі қоғамда Бекзаттай бекзат болмыс жан.
Қатарынан озық туған, білімі мен білігі, игілікті ірі ісімен еліне танылған, қайырымдылық пен қамқорлықтың орасан үлгісін ұлықтап жүрген азамат Бекзат Қомарұлы. Ұлт болашағының өркендей түсуіне әр ісімен айтулы үлес қосып жүрген отбасының тірегі, айтулы азамат, тарих ғылымдарының кандидаты Бекзат Қомарұлы қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өтіп жататын игі іс-шаралардың ұйытқысы, әрі жомарттығымен танылып жүрген қамқоршы демеуші.
Бүгінде жеке кәсіпкер ретінде білім саласының мемлекеттік саясатын қолдау, талантты балалар мен жастарды қолдау, жетім балалар мен көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету бағытында тұрақты және ұзақ түрде демеушілік көрсетіп келеді.
Бекзат Қомарұлының азаматтық ұстаным іскерлігін,білімін- халқының жақсы тұрмыс құру жолына арнау. Кәсіпкерлікті баюдың көзі деп емес, мемлекетімізді өркендету, халқымыздың әлеуметтік жағдайын жайнату деп саналылықпен ұғынып жүрген парасатты жан.
Еліміздің басты игілігі – бұл адам, оның білімі мен мүмкіндіктері, оның денсаулығы мен әл-ауқаты. Адами әлеуетті дамыту арқылы әрбір қазақстандық үшін жоғары өмір сүру деңгейіне жетеміз деп сенемін.
Бақытты балалық шақ – бұл салауатты дамып келе жатқан қоғам қалыптастырудың сөзсіз шарты десек, балалардың талабынан шығу ең қасиетті іс. Сондықтан балаларға жағдай жасау, бала тәрбиесіне алаңдаушылық, қоғам болып балалар мәселесін шешу күн тәртібінен түспеуге тиіс мәселе. Желкілдеп өсіп келе жатқан жас шыбықтай бүлдіршіндердің жанарынан мұң емес, қуаныш нұрын көруді қалайтын жігіт,
«Жетім көрсең, жебей жүр»- деген, халқымыздың қанатты сөзінен терең мән ұққан атпал азамат ана алақанынының жылуын емес, жат жандардың жанашырлығын көріп жүрген балалар үйіндегі бүлдіршіндерге ерекше қамқорлық көрсетіп келеді. Жүрек жылуы жатқа да, жақынға да жететін жігітті балалар үйіндегі жәудір көз жетімдердің тағдыры алаңдатқан жігіт неге біздер, сәбилердің бір сәттік қуанышына ортақтаса алмаймыз деп налиды?! Менің адами парызым- сол сәбилерге қарлығаштың қанатымен су сепкендей қамқорлық көрсету, демеушілік жасау.
Ел ордасы Астана қаласында өткен «Білім меценаты - 2012» байқауында 34 кәсіпкердің қатарында Жезқазған қалалық мәслихат депутаты, тарих ғылымының кандидаты, танымал кәсіпкер Алтынбеков Бекзат Қомарұлы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім меценаты» күміс белгісімен марапатталып, азаматтық белсенділігі ерен азаматтың есімі қарағандылықтар арасынан алғашқы болып «Білім меценаты» Алтын кітабына жазылды. Жалпы игілікке қызмет ету, халық келешегіне еңбек сіңіруді мақсат еткен халық қалаулысы, іскер азамат Бекзат Қомарұлының «Білім меценаты» атанып, мәртебелі атаққа лайық деп танылуы – еліне еткен елеулі еңбегі, ел болашағы- білімді жастарды қолдауы, ғылым-білімнің дамуына қосқан сүбелі үлесінің мерейлі мәресі, жемісті жеңісі.
Арқа елінің «Атымтай жомарты» атанған Бекзат
Білімдегі біліктілігі, ғылымдағы жетістігі, құзіреттілік белсенділігі озық оқушыларға мемлекет және қоғам қайраткері «Д. Қонаев атындағы», халық ағарту ісінің үздігі «Қ. Шыңғысов атындағы», оқу ісінің үздігі «А.Асанова атындағы», педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, доцент «С. Жумкина атындағы», «Құрметті теміржолшы» атағының иегері «Ш. Бекмағамбетов атындағы» дәстүрлі атаулы шәкіртақылар табысталады.
«Елім дейтін» азаматтың шынайы ықыласына бөленді.
Бірнеше жылдан бері Сәтбаев және Жезқазған қалаларының «Үміт», «Мерей» балалар үйлеріне тұрақты демеу көрсетіп, тағдыр тауқыметін тартып жүрген балалардың жанарын жадыратып, жанына жылылық сыйлап жүр.
Қарапайым қазақ отбасында, ұлтымыздың парасатты ұрпағы болып тәрбиеленіп, отбасына, туған жеріне деген зор құрметі өз ұлтына, мемлекетке деген патриоттық сезімге ұласып, жомарттықтың орасан үлгісін ұлықтап жүрген мәртебелі меценат Бекзат Қомарұлы үшін еңбегінің ел кәдесіне жарағанын сезіну- үлкен бақыт.
Бекзат Қомарұлы - жамағатқа жасаған жақсылығының жылуын, қайырымдылығының қызуын көрген әр қазақтың алғаусыз алғысына, қалтқысыз құрметіне лайық!
Байқау қорытындысы бойынша құрылтайшы тағайындаған бірнеше білім гранты мен 50 пайыздық жеңілдікке Сәтбаев, Кеңгір мектептерінің оқушылары ие болды.
Білімсіз, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және әлемдік жетістіктерді қабылдау мен дамытуға қабілетті, құзырлы тұлғаны қалыптастырусыз дамыған, кемелденген мемлекет болу мүмкін емес. Білім мазмұнын байытуға, білімнің жаңа бағытын дамыту мақсатында жаңаша бастама көтеріп, жарқырата іс тындырып жүрген азамат Бекзат Қомарұлы заман талабына сай әрекет ете білетін талантты басшы, ұйымдастырушы, табысты кәсіпкер
Елбасымыздың «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар біздің ұлтымыздың болашақ айнасы дегені» мәлім. Мінекей, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында кешегі ұлт үшін басын бәйгеге тігіп, іскерлігін еліне арнаған ұлт ұлдарының бүгінгінің ізбасары.
Еңбек жолын аудандық «Арқа еңбеккері газетінде тілші қызметінен бастаған жас журналистің мақалалары өзекті мәселелерді көтерді. 1991 жылы Жезқазған облыстық теле-радио ұжымына қызметке ауысып, тілші, жүргізуші, редактор міндеттерін мінсіз атқарды. Сонымен қатар Жезқазған университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Педагогикалық еңбек жолын Жезқазған қ. №13 орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде бастады. Жоғары ұйымдастыру қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктері педагогтың Жезқазған қаласында Талдықорған заң колледжінің филиалын ашуға септігін тигізді.
Бекзат Комарович талап қоя білетін басшы, ол білім саласындағы инновациялық жаңалықтарға сүйене отырып, студенттер мен оқытушыларға, олардың сапалы білім алып, толыққанды қызмет атқаруына барлық жағдайларды жасауда, әсіресе колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуда көп күш пен қаржы жұмсауда. Бекзат Комарович талантты жастарды дер кезінде анықтап, олардың шығармашылық мүмкіндіктері мен жеке тұлғалық құзырлылықтарын ашуға, оларды қорғауға, жас жеткіншектер арасында мақсатты кәсіптік бағдар ұйымдастыруға көп көңіл бөледі. Осы бағытта ол Жезқазған Бизнес және көлік колледжі, қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Нұр Отан» ХДП Жезқазған қалалық филиалымен әлеуметтік серіктестікке негізделген дарынды жастарды қолдауға арналған «Зиялы ұлт болашағы» инновациялық жобасын әзірлеп, бүгінде іске асыруда.
Көптеген жаңаша бастамалардың, әлеуметтік жобалардың ұйытқысы, ұйымдастырушысы және белсенді қоғамдық қайраткер ретінде Жезқазған қ. Маслихатының депутаты болып сайланды. Депутаттық құзырет Бекзат Комаровичке азаматтарды әлеуметтік қорғау, білім жүйесін дамыту, жасөспірімдерді тәрбиелеу, тіл саясатын іске асыру бағытындағы жоспарларын іске асыруға жол ашты.
Бекзат Комарович қоғамдық өмірге белсене қатысады, мейірімдік іс-әрекеттерден шет қалмайды, ол үнемі жан-жақты қайырымдылық қызметін көрсетеді. С. Қожамқұлов атындағы театр қызметкерлеріне, «Үміт» балалық шақ балалар үйіне қаржылық көмек беруді дәстүрге айналдырды, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына да белсене қатысады.
Алтынбеков Бекзат Комарович қазақстандық патриотизмді іс-жүзінде ұстанудың үлгісі ретінде өзінің қажырлы еңбегі мен халқына деген қалтқысыз қызметі арқылы қазіргі ұрпақтың еліктеуіне жарқын мысал бола алады.
Қай жерде болмасын, қандай қызмет атқарса да, ол өзінің жаңа идеяларымен, тың бастамаларымен сол жұмысты көркейте біледі.
Бекзат Комарович қоғамдық өмірге белсене қатысады, мейірімділік іс-әрекеттерден шет қалмайды, ол үнемі жан-жақты қайырымдылық қызметін көрсетеді. Басқа да қайырымдылық шараларын айтпағанда, «Үміт» балалық шақ балалар үйіне қаржылық көмек беруді дәстүрге айналдырды, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына да белсене қатысады.
Алтынбеков Бекзат Комарович қазақстандық патриотизмді іс-жүзінде ұстанудың үлгісі ретінде өзінің қажырлы еңбегі мен халқына деген қалтқысыз қызметі арқылы қазіргі ұрпақтың еліктеуіне жарқын мысал бола алады.
Бүгінгі таңда қоғамда орын алып отырған әлеуметтік жаңғырту үдерістері шеңберіндегі маңызды міндеттердің бірі- жастар мәселесі, оның ішінде оларға қолжетімді сапалы білім алуға мемлекеттік және қоғамдық, жекеменшіктік білім беру мекемелері тарапынан толыққанды жағдай жасау болып табылады.
Аймақтағы өндіріс орындарына білікті мамандар даярлау арқылы жастарымыздың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері де қоса шешілуде.
Колледждегі оқу ақысының төмен және қолайлы төлеу жүйесі, оқу үздіктеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және шалғай ауданынан келген білімпаз талапкерлер үшін «Зиялы ұлт болашағы» атты әлеуметтік-инновациялық жоба шеңберіндегі білім гранттары, туған жерінен алыстамай қолжетімді білім алу, жұмыспен қамтылу мүмкіндігі және үздіксіз білім жүйесінде өз мамандығы бойынша қашықтықтан оқу арқылы жоғары біліммен жалғастыру мүмкіндіктері т.б. Бұл іс жүзіндегі нақты қадамдар жастарға жасалып жатқан қамқорлық деп айтуға толық негіз бар.
Колледж баспасөз хатшысы
Мәдина Сүйіндікқызы
Comments