top of page

Бекзат Қомарұлы Алтынбеков

1.jpg

1973 жылы  8 сәуірде  Қарағанды облысында  Ақтоғай ауданында дүниеге келген.  1997 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2007 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетін заңгер мамандығы бойынша   бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Қазақ Қатынас жолдары университетінің Жезқазған қаласындағы Қашықтықтан оқыту және кәсіптік бағдар орталығының директоры, кәсіпкер. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары, Қарағанды облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Нұр Отан партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Қоғам қайраткері» төсбелгісінің иегері, ҚР «Білім меценаты», «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының, ҚХА «Бірлік» алтын медалінің және «Шапағат» медалінің иегері сондай-ақ ҚХА «Жомарт жан» төсбелгісінің иегері. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

            Үйленген, үш баласы бар. Алтынбековтер отбасы Қарағанды облыстық «Мерейлі отбасы - 2012» байқауының бас жүлдесін иеленген.

 

Еңбек жолы:

1991-1992 жылдары «Арқа еңбеккері» газетінде тілші, Ақтоғай аудандық радиосында тілші;

1992-1993 жылдары Жезқазған обылыстық теле-радио компаниясының редакторы;

1993-1997 жылдары Жезқазған обылыстық теле-радио компаниясының корреспонденті, теле жүргізуші;

1997-2001 жылдар аралығында 1997 жылы №13 орта мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;

2001-2004 жылдары Талдықорған Заң колледжінің Жезқазған қаласы филиалының директоры;

2004 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақ Қатынас жолдары университетінің Жезқазған қаласындағы Қашықтан оқыту және кәсіптік бағдар орталығының директоры;

2005  жылдан бастап жеке кәсіпкер;

2009 жылдан Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің құрылтайшысы;

2011-2016 жылдары V шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты;

2016-2017 жылдары VI шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты;

2017 жылдың қазан айынан бастап Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі,;

Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары;

Қарағанды облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы,

2019 жылдан «Нұр Отан» партиясы  Саяси Кеңесінің мүшесі

Марапаттары:

2011 ж. «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасы;

2012 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындаған «Білім меценаты» күміс медалінің иегері;

2013 ж. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері;

2014 ж. «Қазақстан Республикасының  мәслихаттарына 20 жыл»  медалінің иегері;

2015 ж. «Лучшие люди» энциклопедиясының Құрмет белгісінің иегері;

2015 ж. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалінің иегері;

2015 ж. «Ұлт мақтанышы» медалінің иегері;

2015 ж. «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының иегері;

2016 ж. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бірнеше алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған;

2011-2016 жж. «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамоталарымен марапатталған;

2016 ж. «Нұр Отан» партиясының жоғары марапаты «Белсенді қызметі үшін» медалінің иегері;

2016 ж. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды;

2017 ж. Мұхтар Әуезов атындағы медальмен марапатталды;

2017 ж. «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгісімен марапатталды;

2017 ж. – «Алашорда -100 жыл» мерекелік медалімен марапатталды;

2017 ж. –«Шапағат» медалімен марапатталды.

2018 ж.-ҚХА төрағасының орынбасары Л.А.Прокопенконың Алғыс хаты

bottom of page